Загрузка...
Репродуктивті медицина институтының акушерлік, гинекология және репродуктивті технологиялар кафедрасына 5 жыл мерзімге халықаралық аккредитациядан өткен ғылыми-зерттеу институты мәртебесі берілді.
Мұндай атаққа тәжірибелі профессорлық-оқытушылық құрам мен 25 жыл бойы табысты білім және ғылым қызметінің арқасында қол жеткізілді. Кафедраның қалыптасқан мәртебесі тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар алыс-жақын шетел курсанттары үшін дәрігерлер мен фельдшерлер үшін білім беру бағдарламаларын жүргізуге және клиника қабырғасында ғылыми іс-шаралар жүргізуге мүмкіндік береді.