Құрметті IRM пациенттері! Алматы және Шымкент қалаларындағы карантиндік кезеңде IRM клиникасының жұмыс уақыты туралы хабарлаймыз.
Карантин кезінде емханада кезекші дәрігерлер қатаң түрде жазылу бойынша жұмыс істейді. Дәрігерлердің кестелері күн сайын жаңартылып отырады және олар Call Center арқылы тексерілуі керек.
Байланыс орталығы жексенбіден басқа күндері сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
Емдеу бөлмесі таңғы 8:00-ден бастап үлгілерді жинайды.
Карантин кезеңінде IRM клиникаларында жүйелі түрде санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіліп, барлық қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.
Қоғамдық орындарға бару қажеттілігімен байланысты тәуекелдерді азайту үшін пациенттерге онлайн кеңес беруді пайдалануды ұсынамыз.
Өтінішті біздің www.irm.kz сайтында немесе WhatsApp: +7-771-934-34-34 арқылы беруге болады. Үйлестірушілер сізбен байланысып, кеңес беру күні мен уақыты туралы хабарлайды.
Емхана жұмысы туралы ақпарат қолжетімді болған сайын жаңартылатынын еске саламыз.
Осы қиын күндерде IRM командасы пациенттерімізге қосымша қамқорлық жасауда. Өзіңізді күтіңіз және сау болыңыз!???
Барлық ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:
☎️+7-727-234-34-34,
+7 (771) 934-34-34 (WhatsApp).