Құрметті әріптестер!
2019 жылғы 14-15 мамырда Қазақстан гинекологтар мен эндоскопистер қоғамдық бірлестігі Репродуктивті медицина институтында «Гинекологиядағы эндовидеохирургия» атты IV конгрессін өткізеді. Конгресс жұмысына Қазақстанның барлық аймақтарынан, сонымен қатар көршілес елдерден де мамандар қатысады. IV Халықаралық конгреске қатысқан профессорлар: Р.Бочоришвили (Франция), Каппушева Л.М.(Ресей).
Конференцияға қатысуға Қазақстаннан гинекологтар мен эндоскопистерді шақырамыз.
Конференцияның негізгі тақырыптары:
Бедеулікке арналған эндоскопия
Кеңседегі гистероскопия
Құрсақішілік хирургия
Эндометриозға арналған лапароскопия
Жатыр мен қосалқылардың ісіктеріне эндоскопия
Гинекологиялық онкологиядағы лапароскопия
Жыныс мүшелерінің пролапсын емдеудегі эндоскопия
Репродуктивті жастағы әйелдерде ағзаны сақтайтын ем
Конференция материалдары кейіннен еліміздің жетекші журналдарында жарияланады.
Конгресс туралы барлық қажетті ақпарат (тіркелу, бағдарлама, өтетін орын, мерекелік кеш) www.gyn.endosurgy.kz сайтында.
Орындар саны ШЕКТІ!!!!
Құрметпен,
Президент
«Гинеколог-эндоскопистер» ҚБ проф., Т.Қ. Құдайбергенов