Құрметті емделушілер! 9-13 маусым IRM Clinic Astana және IRM Clinic Шымкент командалары аккредиттеуден сәтті өтті және аккредиттеу нәтижелері бойынша медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша ЕҢ ЖОҒАРЫ санаттағы клиникалар мәртебесін алды!
Жоғары санатты сертификат - бұл жұмыстың нәтижесі және емхананың жоғары деңгейінің құжаттық дәлелі.
Медициналық мекемелерді мемлекеттік аккредиттеу – бұл медициналық мекеменің медициналық-санитарлық нормаларға сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды. Жиналған пайыздық өлшемдер бойынша тиісті аккредиттеу комиссиясы мекемеге тиісті санатты (екінші, бірінші, жоғары) беру немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Клиника ұжымына жоғары кәсібилігі үшін рахмет! Пациенттерімізге сенім білдіргендері үшін рахмет!

