Құрметті емделушілер! Ұлттық аккредиттеу нәтижелері және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сараптамалық қорытындысы негізінде Шымкент қаласындағы біздің IRM клиника медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша «ЕҢ ЖОҒАРЫ санатты емхана» мәртебесін растады!
Жоғары санатты сертификат – бұл жұмыстың нәтижесі және емхана жұмысының жоғары деңгейін құжаттық дәлелдеу.
Медициналық мекемелерді мемлекеттік аккредиттеу – бұл медициналық мекеменің медициналық-санитарлық нормаларға сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды. Жиналған пайыздық өлшемдер бойынша тиісті аккредиттеу комиссиясы мекемеге тиісті санатты (екінші, бірінші, жоғары) беру немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды
.Шымкент қаласындағы IRM клиникасының ұжымына жоғары кәсібилігі үшін рахмет! Пациенттерімізге сенім білдіргендері үшін алғыс айтамыз!
